Бокстан Амманда 2022 жылғы Азия чемпионатында алғаш рет Қазақстан пен Өзбекстан боксшылары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) 1/8 финалда өзбекстандық Руслан Абдуллаевтан жеңіліп қалған. Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапында турнирде жеңіліп қалған алғашқы боксшы атанды.

Еске салайық, бұған дейін Серік Теміржанов Азия чемпионатының ширек финалына шыққан болатын.