Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында өз алаңында Новосібір «Сибирь» командасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды: Гудачек (Бояркин) - Бекетаев-Грэм, Луи-Вей-Савицкий; Гайтамиров-Ножье, Бракко-Сагадеев-Петухов; Мищенко-Григорьев, Максимов-Гурков-Шестаков; Сергиенко, Әсетов-Гусейнов-Қайыржан.

Қазақстандық команда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, бес матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтата алды.

3 қазанда «Барыс» өз алаңында «Адмиралмен» кездеседі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Сибирь» (Новосібір, Ресей) 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)

Шайбы соққандар:1:0 — 08:05 Бракко (Шестаков)1:1 — 33:10 Основин (Бутузов, Мёрфи)2:1 — 57:20 Вей (Бракко)

Қақпашылар: Гудачек — Красоткин