«Астана» Тастанбек Есентаевтың бас директор қызметінен кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірқатар БАҚ-та Тастанбек Құтжанұлы Есентаев «Астана» футбол клубының бас директоры қызметінен кеткені туралы ақпарат жарияланды.Бұл деректің шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдейміз: елордалық клубы еш өзгеріссіз жұмысын жалғастырып жатыр.«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі тек клубтың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа жүгінуіңізді сұрайды, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.