Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу сынында алматылық «Қайратқа» қарсылас атанған белградтық «Црвена Звезда» клубы екі бірдей ойыншыны қатарларына қосты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

 

«Жұлдыздар» 25 жастағы бразилиялық Бруно Оливейра де Матоспен 2 жылға келісімшартқа отырды. Өткен маусымды аталған ойыншы Сербия Суперлигасындағы «Нови Пазар» клубында өткізді. 22 ойында 4 гол соғып үлгерген. Сонымен қатар, сербиялық клуб «Маккаби Хайфа» клубының 26 жастағы израильдік жартылай қорғаушысы Идан Вередті де қатарларына қосты. Команда сапында соңғы маусымда 28 ойын өткізіп, 6 голдың авторы атанған. Веред 11-ші нөмерді иемденсе, Матос 15 деген санмен өнер көрсетеді.