Санкт-Петербургтік «Зениттің» шабуылшысы Александр Кержаков келер маусымды қайда өткізетіндігі турасында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

 

Bobsoccer.ru сайтында жарияланған ақпарат бойынша:

 

- Болашағыңызды ойша елестетіп көрдіңіз бе? Нұсқалар көп: бір клубта жалға ойнау, «Зенит-2» құрамасымен ҰФЛ-да өнер көрсету немесе басқа командаға ауысу. БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, сіздің «Қайратқа» ауысуыңыз мүмкін екен.

 

- Белгілі бір ойдың болары анық, айқын бағыт тұрмысыма байланысты болмақ. Бірақ қайталап айтамын, әуелі басшылықпен кездесуім қажет. Шілденің 20-сы күні келер маусымды қайда өткізерім анықталмақ. Қазір тек мынаны айтқым келеді: Зениттің және Санкт-Петербургтің жеңістері көбейе берсін. Қайда жүрсем де және болашақта немен айналыссам да осыны тілем жүремін. «Зенит» - мен әрқашан жанкүйерлік танытатын сүйікті клубым!