«Тараз» футбол клубының болгариялық жартылай қорғаушсы Милен Гамаков Премьер-лиганың 26-туры аясында өтетін «Тұранға» қарсы матчқа қатыспайды.

28 жастағы ойыншы 25-турдағы «Тобылға» қарсы кездесуде (0:2) осы маусымдағы төртінші сары қағазын алды. Сол себепті ол алдағы «Тұранға» қарсы ойынға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Милен биыл 22 кездесуге қатысып, бір гол соқты.