Украина құрамасының капитаны мансабын Қазақстанда жалғастырмайтын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ». 

Isport.ua сайтының мәлімдеуінше, 36-жастағы ойыншы мен алматылық «Қайрат» келісімге келе алмады. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Тимощук қазақстандық клубпен келіссөз жүргізу үішн Алматыға келіп, Орталық стадионнан «Қайрат»-«Астана» матчын тамашалаған болатын. 

Айта кетер жайт, Тимощук пен» Зениттің» келісімі ертең аяқталады.