Атақты бапкер Гус Хиддинк Голландия құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».  

Бұл туралы Голландия футбол федерациясының ресми сайты мәлімдейді. Әзірге жаңа бас бапкердің есімі белгісіз. 

Естеріңізге сала кетсек, Гус Хиддинк Голландия құрамасының тізгінін былтыр ұстаған болатын. ЕУРО - 2016 іріктеу кезеңінде голландиялықтар көшбасшы Исландия құрамасынан бес ұпайға қалып келеді. Хиддинктің қол астында Голландия құрамасы он кездесу өткізіп, төртеуінде ғана жеңіске жеткен.