Футболдан Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы қазақстандық «Ордабасы» мен израильдік «Бейтар» арасындағы ойында молдовалық төрешілер жұмыс істейді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ордабасы» - «Бейтар» матчының бас төрешісі - Дмитрий Мунтян. Оған қапталда отандастары Денис Борисов пен Андрей Бодян көмектеседі. Төртінші қазы — Юрий Ковтун.

Естеріңізге сала кетсек, қос команда арасындағы бірінші ойын 2-ші шілде күні Шымкентте өтеді. Матчтың басталу уақыты - 18.00.