Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Црвена Звезда»-«Қайрат» кездесуінде польшалық төрешілер қызмет етеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Црвена Звезда» - «Қайрат» матчының бас төрешісі - польшалық қазы Бартош Франковски. Көмекшілері - Михал Обукович, Давид Игор Голис пен Кшиштоф Якубик. 

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын шілденің 3-і Белград қаласында өтеді. Матч астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.