29 қазанда «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында Уфада жергілікті «Салават Юлаевпен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы кездесумен елордалық команда сырт алаңдағы ойындар сериясын аяқтайды. «Барыс» қатарынан төрт ойында жеңілді – алдымен өз алаңында Магнитогорскінің «Металлургінен» жеңілген, одан кейін сырт алаңда Нижнекамскінің «Нефтехимикінен» (2:4), Омбының «Авангардынан» (0:6) және Новосібірде «Сибирьден» (3:4) ұтылды.

Ал «Салават Юлаев» командасы керісінше бес ойын қатарынан жеңіске жетті.

«Салават Юлаев» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы 17:15-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Одан бөлек ҚХЛ ТВ және KHL Prime арналарынан көруге болады.