Ресейлік футболшы Андрей Аршавин спорттық мансабын алматылық «Қайратта» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Ресей футболындағы ең танымал футболшылардың бірі Аршавин биылғы маусымда «Зенит» клубында өткізген болатын. 34-жастағы футболшыны питерліктердің бас бапкері Андре Виллаш-Боаш өз командасында қалдырғысы келмейді. 
 
Сонымен қатар, «Қайратқа» тағы бір «Зениттің» ойыншысы Анатолий Тимощук келуі мүмкін деген сыбыс шыққан болатын.