«Ақтөбе» шабуылшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы маусымда 19 жастағы хоккейші «Ақтөбе» жастар сапында 10 кездесу өткізіп, 9 (3+6) ұпай жинады. Сондай-ақ ол негізгі құрамда екі кездесуге қатысты.

Бірінші дивизионның «А» тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионаты 11-17 желтоқсан аралығында Норвегияның Аскер қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары Франция, Венгрия, Дания, Словения және Норвегия болады.