Назарларыңызға Премьер-Лига аясында өткен «Ақтөбе» мен «Жетісу» арасындағы ойында орын алған қолайсыз оқиғадан бейнежазба.
 
18-ші тур аясында Талдықорғанда өткен ойында, бейнежазбаға сүйенсек, ақтөбелік қақпашы Стас Покатилов пен «Жетісу» футболшысы Бауыржан Тұрысбек арасында келеңсіз жағдай орын алған. Сөзге келмеген қос ойыншыға да сары қағаз көрсетіліп, Тұрысбек екінші сары қағазын алғандықтан алаңнан қуылған болатын.