Шорт-тректен биылғы маусымда өтетін әлем Кубогы кезеңдерінің уақыты анықталды.

Әлем Кубогының келесі кезеңдері:

2-кезең – Солт-Лейк-Сити (АҚШ), 4-6 қараша;

3-кезең – Алматы (Қазақстан), 9-11 желтоқсан;

4-кезең – Алматы (Қазақстан), 16-18 желтоқсан;

5-кезең – Дрезден (Германия), 3-5 ақпан;

6-кезең – Дордрехт (Нидерланд), 10-12 ақпан;

Биылдан бастап барлық 6 кезеңнен соң ерлер мен әйелдер арасындағы жалпы есептің жеңімпазы «Гауһар глобусқа» ие болады.

Желтоқсанда араға 4 жыл салып Әлем Кубогы кезеңі Алматыға қайта оралады. Елімізде алғаш мәрте өткен 2018 жылғы бәсекеде (сол маусымдағы 3-кезең) Абзал Әжғалиев өз отандастарының көз алдында 500 метрге жарыста қола жүлдегер атанған-ды.