WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алдағы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы инстаграм желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Бәрі ойдағыдай, жаттығу жоспар бойынша өтіп жатыр. Спарринг қарсыластар да жақсы, тәжірибелі қарсыластар. Жақсы тәжірибе алмастық. Жаңа зал, жаңа орта, жаңа спарринг қарсыластар, өте қуаныштымыз, жекпе-жекті асыға күтіп жүрміз, жақсы өнер көрсетуге тырысамыз», — деді Әлімханұлы.

Айта кетейік, Әлімханұлы 12 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алғаш рет қорғайды. Қарсыласы — британиялық боксшы Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО).