«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында бельгиялық «Халле-Гооик» клубымен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бельгияда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Бесінші минутта «Халле-Гооик» Франко Еловичтің голының арқасында алға шықты. Алматылықтар сапынан үзіліске дейін Кайо Руис (17-минут) есепті теңестірді. Диого бельгиялықтарды 32-минутта тағы да алға шығарды. Кездесудің 38-минутында «Қайрат» есепті қайта теңестірді, бұл жолы Дәурен Тұрсағұлов көзге түсті.

Айта кетейік, «Қайрат» келесі кездесуін испаниялық «Пальмамен» өткізеді.