Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Ақтөбе» мен эстониялық «Нымме Калью» арасындағы ойында Украинадан келетін төрешілер бригадасы қазылық етеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ua-football.com сайтының мәлімдеуінше, қазақстандық команданың қатысуымен өтетін кездесуде бас төреші қызметін Юрий Можаровскийге сеніп тапсырылды. Оған алаң жиегінде Александр Войтюк пен Александр Корнийко көмектеседі.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» мен «Нымме Калью» арасындағы ойын 2 шілдеде Ақтөбеде, қарымта ойын 9 шілдеде Эстонияда өтеді.