Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Базельде (Швейцария) өтіп жатқан ATP 250 сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық дуэт Гарри Хелижоваара (Финляндия)/Ллойд Гласспул (Ұлыбритания) жұбын 7-5, 6-4, 10-3 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.