«Арлан» ХК шабуылшысы Егор Кабатаев Қазақстан жастар құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егор Қабатаев желтоқсан айында Аскер қаласында (Норвегия) өтетін 1-дивизион (А тобы) жастар арасындағы әлем чемпионаты алдындағы Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына байланысты «Құлагерге» қарсы сырт алаңда өтетін ойындар сериясына қатыспайды», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.