Қазанның 26-нан 27-сіне қараған түні қазақстандық «Қайрат» пен «Аят» клубтары футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайраттың» бельгиялық «Халле-Гооикке» қарсы кездесуі Астана уақытымен 00:20-да басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады. Сағат 00:30-да телеарна сайтында Хорватияның «Ново Вриеме» клубына қарсы «Аят» матчының трансляциясы басталады.

Еске салайық, бірінші топта «Қайратпен» бірге испаниялық «Пальма» және франциялық «Спортинг Париж» командалары бар. Ал 2-топтағы «Аят» Португалияның «Спортинг» және Хорватияның «Пуласымен» кездеседі.

Бірінші топта барлық матчтар Русдалда (Бельгия), ал екінші топта Макарскада (Хорватия) өтеді.

Турнир ережесі бойынша екі қазақстандық клуб өнер көрсететін «А жолында» әр топтағы төрт команданың үшеуі элиталық кезеңге өтеді.