«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасының оныншы турында турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Беверен» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:1 есебімен аяқталды.

«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді және бір нәтижелі пас берді. Ол ойынның 50-минутында Юсуф Чаллуктың көзге түсуіне орай жаратты.

Айта кетейік, «РВД Моленбек» қазір 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр.

Бельгия Бірінші лигасы. 10-тур.

«Моленбек» (Моленбек-Сен-Жан, Бельгия) – «Беверен» (Бельгия) – 3:1 (1:0)

Гол соққандар: Баррето 16 (1:0), Чаллук 50 (2:0), Ван Дамм 64 (автогол) (3:0), Хоггас 83 (3:1)