«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңда Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелері 4:2 (1:0, 2:1, 1:1) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Барыс» 25 қазанда сырт алаңда омбылық «Авангардпен» кездеседі.

«Нефтехимик» (Нижнекамск) — «Барыс» (Астана) 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)

1:0 — 01:39 Галимов (Купцов). 2:0 — 23:00 Гончаров. 3:0 — 23:41 Хохлов (Белозёров). 3:1 — 34:39 Петухов (Бекетаев, Гудачек). 3:2 — 50:08 Луис (Вей). 4:2 — 59:56 Порядин (Хохлов, Воробьёв).

Қақпашылар: Судницин — Гудачек