Ел біріншілігінің кезекті турында «Атырау» сырт алаңда «Оқжетпеспен» тең түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчтағы есепті бірінші болып болып қонақтар ашты. 36-шы минутта «Атырау» ойыншысы Антон Григорьев бұрыштамадан көтерілген допты қақпаға тура бағыттай білді. Алаң иелері таразы басын тек ойынның екінші бөлігінде теңестіре білді. Команда капитаны Әлібек Бөлешов 53-ші минутта атыраулықтардың қорғаныстағы қателігенен кейін есепті 1:1-ге жеткізді. 15 минут өткеннен кейін «Оқжетпес» ойыншысы Роткович командасын алға шығарды. Дегенмен Владимир Никитенконың шәкірттері ойын аяқталуға бірер минуттар қалғанды командасын жеңілістен құтқарып қалды.

 

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» (Атырау) 2:2 (0:1)

Голдар: 0:1 – Григорьев (36), 1:1 – Бөлешев (53), 2:1 – Роткович (68), 2:2 – Иванович (90+4)

«Оқжетпес»: Цирин, Азовский (Хохлов, 46), Крюков, Смейкал, Түлеев, Чижов, Волков, Павлов, Сахалбаев (Мангуткин, 71), Бөлешев, Роткович (Чертов, 76).

«Атырау»: Нарзикулов, Айтбаев, Григорьев, Калмуратов, Чичулин (Байжанов, 73), Эсатов, Аржанов, Диакате, Заречный (Тілешев, 76), Эссаме, Фомин (Иванович, 63).

Ескертулер: Павлов (51, 64), Эссаме (67), Чичулин (73), Диакате (90+5).

Алаңнан қуылды: Павлов (64).