Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында көш соңында келе жатқан қарағандылық «Шахтерден» айласын асырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ел чемпионатының 18-турындағы матч 3:1 есебімен аяқталды. Есепті қонақтар ашқан болатын. 29-минутта Роман Муртазаев «кеншілерді» алға шығарған. Төрт минуттан соң Алессане Н’Диайе таразы басын теңестірді. Екінші таймның басында Н’Диайе дубль жасап, алаң иелеріне басымды әкелді. Ал ойынның нүктесін 53-минутта Владислав Чернышевтің голы қойды.

Ал 74-минутта қарағандылық шабуылшы Михрет Топчагич қызыл қағаз алып, ойынды ерте аяқтады.

«Ертіс» - «Шахтер» 3:1

Голдар: Муртазаев 29 (0:1), Н’Диайе 33 (1:1), Н’Диайе 47 (2:1), Чернышев 53 (3:1)

Алаңнан қуылды: Топчагич 74