Қазақстандық дзюдошы Камила Берлікаш Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші айналымында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде түркиялық Себиле Акбулуттан басым түсті.

Берлікаш келесі жекпе-жегін португалиялық Рошель Нунеспен өткізеді.