Ресейлік Ислам Махачев UFC 280 турнирінің басты жекпе-жегінде Чарльз Оливейраны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы дағыстандық жеңіл салмақтағы бос тұрған титулды жеңіп алды.

Махачев – Хабиб Нурмагомедов пен Петр Яннан кейінгі Ресейдің атынан шыққан үшінші UFC чемпионы.

Махачев (23-1) екінші раундта Оливейраны (33-9) екінші раундта самбишн әдісін сәтті қолданып жеңді. Дағыстандық жекпе-жек бойы басымдық танытып, қатарынан 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

Оливейраның 11 жекпе-жекке созылған жеңісті сериясы тоқтады.