Футболдан ел чемпионатының 18-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Таразды» қабылдап, қарсыласын тас-талқан етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Өткен турдағы «Ақтөбеге» қарсы матчтағыдай Игорь Юрин тағы да матч басында «Тобылды» алға шығарды. 21-минутта қостанайлықтардың су жаңа шабуылшысы Игорь Зенькович есеп айырмасын ұзартса, бірінші таймның аяғында Юрин дубль авторы атанды – 3:0. Алғашқы таймда-ақ жеңісті нәтижеге қол жеткізген алаң иелері үзіліске дейін сақ ойнап, үш ұпайды қанжығаларына байлады.

«Тобыл» - «Тараз 3:0 (3:0)

Голдар: Юрин 11 (1:0), Зенькович 21 (2:0), Юрин 40 (3:0)

Алаңнан қуылды: Қожамберді 77