Вильнюстің «Жальгирис» командасын жаттықтырып жүрген 57 жастағы қазақстандық маман Владимир Чебурин қыркүйек айының қорытындысы бойынша Литваның үздік бапкері деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

tv3.lt жүргізген сауалнамаға қатысқан журналистер мен жанкүйерлер дауыстарын есептеу нәтижесінде қазақстандық бапкер жеңіске жетті. Владимир Чебурин биыл маусым айында осындай жүлдеге ие болған еді.

Айта кетиейік, ол жаттықтыратын Вильнюстің «Жальгирисі» қыркүйектің басында Литва чемпионатында «Джюгаспен» (1:1) тең түсті, одан кейін УЕФА Конференция Лигасында Братиславада «Слованмен» ұпай бөлісті. Бұдан кейін Каунаста жергілікті «Жальгиристен» 2:0 есебімен басым түсіп, өз алаңында еврокубок ойындарында швейцариялық «Базельден» 0:1 есебімен жеңілді. Содан соң Вильнюсте «Ритеряйді» 3:1, «Судуваны» 1:0 есебімен жеңді.