Грек-рим күресінен Испанияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Дәулет Ергеш жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз финалдық бәсекеде грузин спортшысынан ұтылып, турнирдің күміс медалын қанағат етті.

Айта кетейік, бұған дейін спорттың осы түрінен Олжас Сұлтан қола жүлде еншілеген еді.