«Қайрат» АФК «Араз» (Әзербайжан) клубымен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бакуде өткен кездесуде алматылық клуб 8:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық команда сапынан Шыңғыс Есенаманов (дубль), Бауыржан Өмірбаев, Біржан Оразов (дубль), Кайо Сезар, Кайо Руис және Дуглас гол соқты.

«Қайрат» АФК құрамы: Игита, Деннис, Дуглас, Оразов, Есенаманов, Диего, Кайо Сезар, Кайо Руиз, Өмірбаев, Игор Шушу, Ақбалықов, Эдсон.