Еуропадағы ең үздік жас ойыншыға берілетін Golden Boy жүлдесін 2022 жылы «Барселона» жартылай қорғаушысы Гави алды, деп жазады Prosports.kz.

18 жастағы испаниялық футболшыға жүлде 7 қарашада Туринде тапсырылады. Бұған дейін Гави жылдың үздік жас ойыншысына берілетін Раймон Коп сыйлығын да жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, 2003 жылдан бері беріліп келе жатқан бұл жүлдені былтыр «Барселонаның» тағы бір ойыншысы Педри алған болатын.

Биыл жүлдеге мына ойыншылар үміткер болды:

Джуд Беллингем, Карим Адейеми (екеуі де — «Боруссия» Дортмунд), Эдуарду Камавинга («Реал» Мадрид), Педри, Ансу Фати (екеуі де — «Барселона»), Антониу Силва («Бенфика»), Фабиу Карвалью («Ливерпуль»), Вильфред Ньонто («Лидс»), Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг»), Джамал Мусиала, Матис Тель, Райан Гравенберх (бәрі — «Бавария»), Фабио Миретти («Ювентус»), Нико Гонсалес («Валенсия»), Нуну Мендеш («ПСЖ»), Джорджио Скальвини («Аталанта»), Никола Залевский («Рома»), Беньямин Шешко («Ред Булл Зальцбург»), Ийенома Дестини Удогие («Удинезе»).