«Барыс» хоккейшілері ҚХЛ аясында Магнитогорскінің «Металлург» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада өткен кездесуде алаң иелері 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.

Айта кетейік, 23 қазан күні «Барыс» Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасына қонаққа барады.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 0:5 (0:4, 0:1, 0:0)

Шайба соққандар:0:1 — 03:08 Кошелев (Никонцев). 0:2 — 04:53 Голдобин (Яковлев, Карпов). 0:3 — 13:44 Никонцев. 0:4 — 16:11 Лейпсик (Керран). 0:5 — 33:59 Кошелев (Никонцев, Земченок).

Қақпашылар: Бояркин 00:00-16:11, Гудачек 16:11-60:00 — Кошечкин