Бүгін БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан Grand Slam сериясының турнирі бастауын алды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жарыстың алғашқы күні бес салмақта жүлделер ойнатылады. Ерлер 60, 66 кг, ал қыздар 48, 52, 57 кг салмақта белдеседі.

60 кг салмақта белдескен Есет Қуанов пен Ермек Амангелді екінші айналымға шықты.

Есет Қуанов грузиялық Кейси Перафанды жеңсе, Ермек Амангелді иорданиялық Моута Элсманнан басым түсті.