Бүгін Түркияның Измит қаласында аралас жекпе-жектен Еуразиялық промоушеннің OCTAGON 36 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнирде 16 қызықты кездесу өтеді. Басты жекпе-жекте орта салмақтағы қазақстандық Керим Даидов (5-0) пен жеңіліп көрмеген өзбекстандық Абдукодир Абдуворисов (4-0) кездеседі.

Аралас жекпе-жек кеші Астана уақытымен 22:00-де басталады. Турнирдің тікелей трансляциясын OCTAGON TV YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.