Копа Америка турнирінің ширек финалында Парагвай құрамасы Бразилияның жолын кесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Есепті бразилиялықтар 15-ші минутта ашты. Дани Алвес асырған пасынан кейін Робиньо қақпаны дәл көздей білді. Ал екінші таймның орта тұсында Парагвай құрамасы Дерлис Гонсалестің арқасында таразы басын теңестірді.
 
Негізгі уақыт тең аяқталып, матч соңындағы 11 метрлік айыпдобын тебу сәтінде парагвайлықтардың мысы басым болды.
 
 
Бразилия – Парагвай 1:1 (пенальтиден – 3:4)
 
Голдар: Робиньо, 15 – Дерлис Гонсалес, 72 (пенальти)
 
Бразилия: Жефферсон, Филипе Луис, Миранда, Тьяго Силва, Дани Алвес, Фернандиньо, Элиас, Робиньо (Эвертон Рибейро, 87), Коутиньо, Виллиан (Дуглас Коста, 60), Фирмино (Диего Тарделли, 69)
 
Парагвай: Вильяр, Пирис, Пабло Агилар, Да Сильва, Бруно Вальдес (Бобадилья, 74), Эдгар Бенитес (Оскар Ромеро, 84), Аранда (Освальдо Мартинес, 77), Виктор Касерес, Дерлис Гонсалес, Вальдес, Санта Крус
 
Ескертулер: Дани Алвес, Коутиньо – Бруно Вальдес, Пабло Агилар