Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий рингке оралады. Ол германиялық Хуссейн Мұхамедпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кособуцкий алдағы жекпе-жектің афишасын Instagram-да жариялап, «Таяуда! Жаңа кездесу, 5 қарашада!» деп жазды.

Жекпе-жек 5 қарашада Оберхаузенде (Германия) өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл - қостанайлық боксшының 2022 жылдағы екінші жекпе-жегі болды. Кособуцкий бұған дейін Германияда француз Жоан Дюопті жеңген болатын.