«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев ел чемпионатының 18-турындағы «Жетісуға» қарсы ойынның нәтижесі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қанша ұрымтал тұста болдық, қанша голды сала алмадық, білмеймін. Гол соқпасақ, жеңе алмаймыз. Айып алаңының ішінде қаншама мүмкіндік болды. Премьер-лига командаларымен ойнап жатырмыз, 90-минутқа дейін қақпамызды аман алып қала алмаймыз. Кей жерлерде қателік кетеді, гол сала алмадық, жеңіске де жете алмадық», - деді Газзаев.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» ел чемпионатының 18-турынан кейін 38 ұпаймен көш бастап келеді. Ақтөбеліктер маусым басталғалы Премьер-лигада әлі жеңілмегенін де айта кетейік.