Британиялық боксшы Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жек алдында батыл мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.

Бентли твиттер желісіндегі парақшасында өз күшіне сенімді екенін мәлімдеді.

«Тәуекелге бел буғанды ұнатамын әрі ешқашан қорыққан емеспін!», — деп жазды Дензел.

Айта кетейік, Әлімханұлы — Бентли жекпе-жегі 12 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Қазақстандық боксшы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алғаш рет қорғайды.