«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду Англия чемпионатының 12-турындағы «Тоттенхэмге» қарсы ойынға (2:0) көңілі толмады, деп жазады Prosports.kz.

37 жастағы ойыншы матч аяқталмай жатып, қосалқы құрам орындығынан тұрып, киім ауыстыратын бөлмеге кетіп қалды.

Mirror басылымының хабарлауынша, Роналду Эрик тен Хагтың өзін алаңға шығармағанына наразы болған. Өткен маусымда португалиялық футболшы «Тоттенхэм» командасына қарсы ойында (3:2) хет-трик жасаған болатын.

Айта кетейік, «Манчестер Юнайтед» Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 5-орында тұр.