Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында өзбекстандық «Хумо» мен «Құлагер» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ташкенттік ұжым 2:1 есебімен басым болды.

Айта кетейік, кешегі ойында да «Хумо» 3:1 ұтқан еді.

«Хумо» соңғы алты жекпе-жегінде төртінші жеңіске жетіп, турнир кестесінің бесінші сатысына жайғасты.

«Хумо» — «Құлагер» 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

Шайбы соққандар:

1:0 — 26:49 Сауков (Валеев, Курашов)1:1 — 31:14 Гевель (Лызин, Шульга)2:1 — 63:03 Трунев (Игнатушкин)

Қақпашылар: Мальгин — Хозяшев.