Ресейлік «Зениттің» футболшысы Анатолий Тимощук спорттық мансабын алматылық «Кайратта» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
36-жастағы украиналық футболшы Алматы қаласына келген көрінеді. Осыған дейін Тимощук 2007-2009 жылдары «Зенитте», 2013 жылы мюнхендік «Баварияда» өнер көрсеткен болатын. Германиядан кейін Ресейге қайта оралып, петербургтік «Зенитпен» 2 жылдық келісішартқа отырған болатын. 
 
Айта кетейік, ойыншының келісімшарт мерзімі 30 маусым күні аяқталады. Сол себепті «Кайратқа» тегін келуі әбден мүмкін.