Ел біріншілігінде қызылордалық «Қайсар» мен шымкенттік «Ордабасы» екінші мәрте жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Таблодағы есеп тек екінші таймның 12-ші минутында ашылды. «Кайсар» қақпасына белігінген 11 метрлік айыпдобын Азат Нұрғалиев сәтті орындады. Дегенмен Дмитрий Огай шәкірттері екі минуттан кейін таразы басын теңестіріп кетті. Командаға жақында ғана қосылған Йосип Кнежевич айып алаңының сыртынан соққы жасап, көзге түсті.
 
«Қайсар» (Қызылорда) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:1 (0:0)
Голдар: 0:1 – Деспотович (56, с пенальти), 1:1 – Кнежевич (58)