Қазақстан командасы Батумиде (Грузия) садақ атудан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алтын медальдарды Бунед Мирзаметов, Адель Жексенбинова (блокты садақ ату), Ильфат Абдуллин (классикалық садақ) жеңіп алды.

Қазақстан командалық жарыстарда тұғырдың бірінші сатысына үш рет көтерілді (блоктық садақ (микс), классикалық садақ (микс және ерлер командасы). Классикалық садақ атуда Санжар Мұсаев екінші болды.

Сондай-ақ, командалар арасындағы жарыстарда Қазақстан екі қола жүлдемен марапатталды: ерлер мен әйелдер құрамы арасында.