Эскива Фалькаоның (30-0, 20 КО) менеджері Серхио Батарелли бразилиялық боксшының қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы жекпе-жегінің ықтимал күндерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкин алдымен IBF міндетті қарсыласы Фалькаомен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы тұрақты WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен кездесуі керек.

«Енді бұл ресми. Мен Эскива Фалькао мен Геннадий Головкиннің титулдық жекпе-жегін растайтын және екі команданы келесі жылдың басында өтетін жекпе-жек туралы келіссөздерді бастауға міндеттейтін екі электрондық хат алдым. Ол 2023 жылдың ақпанында немесе наурызында өтуі керек, бұл болжам. Күні мен орны келіссөздерге байланысты», - деді Серхио Батарелли