Әлімханұлы атағын қорғау алдында шулы мәлімдеме жасады Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz .

Твиттерде ол британдық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) қарсы алдағы жекпе-жегінің бейресми постерін жариялап, оның керемет жеңісін меңзеп:

«Оңай жұмыс!» деп жазды.

Еске салайық, 12 қарашада Пальмалар турнирінде Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензел Бентлимен жекпе-жекте WBO титулын ресми түрде қорғайды.