Талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, сенсация жасауға жақын қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы таймда жанкүйерлер гол көре алмады. Дегенмен екінші ойын бөлігінде қос бірдей дәл соққының куәсі болды. Алдымен 66 минутта Джордже Деспотович бұрыштан көтерілген допты қақпаға дәл түсіре білді. Алайда ақтөбеліктер өліспей, беріспейтіндігін көрсетті. Ойын аяқталуға санаулы минуттар қалғанда алаңға тыңнан қосылған Дидар Жалмұқан «Жетісу» қақпашысы Шабановтан айласын асырып кетті.

 

«Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:1 (0:0)Голдар: 1:0 – Деспотович (66), 1:1 – Жалмұқан (90+1)«Жетісу»: Шабанов, Әділханов, Михайлов, Сағындыков, Эргашев, Азовский, Цветкович, Шахметов, Деспотович (С. Сариев, 80), Савич, Тұрысбек. «Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Логвиненко, Мирошниченко, Дяк, (Сирино, 53), Жулпа, Коробкин, Пиззелли, Тагыберген (Хайруллин, 68), Айымбетов (Жалмұқан, 53), Неко.Ескертулер: Эргашев (12), Тұрысбек (24, 78) – Мирошниченко (49).Алаңнан қуылды: Тұрысбек (78).