Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек файтері, «Сұңқар» лақап аты бар Арман Оспанов Instagram парақшасында эмоционалды жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Әр жекпе-жекке шығар алдын әуелі еліміздің намысын, Алаштың абыройын ойлап шығамыз.. Жекпе-жек алдында қандай қиындықтар болса да, қазақтың қайсарлығын көрсету үшін аянып қалмаймыз. Бұл жекпе-жек те дәл сондай мақсат болған. Жалпы болашақта автобиографиялық кітабымызда осының бәрін жазамыз! Қолдауларыңызды тоқтатпаңыздар, ағайын! Біз әлі жарқ етеміз, ант етеміз!».

Айта кетейік, соңғы жекпе-жекте Оспанов биылғы жылдың қаңтарында Хабиб Нурмагомедовтың Eagle FC 44 турнирінде француз файтері Дилан Сальвадордан техникалық нокаутпен жеңілген болатын.