Қазақстан құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай Швецияның «Эребру» клубына аттанды.

Егер жас форвард өзін жақсы қырынан көрсете білсе, клуб келісімшарт жасасуға дайын. Бұған дейін оған Хорватия мен Словения клубтары қызығушылық танытқан болатын. Қысқы маусымаралық үзілісте Жаңғылышбай «Шахтерден» «Астанаға» ауысқан. Дегенмен елордалық команда сапында негізгі ойыншылардың қатарынан көріне алмады. Ал ұлттық құрама сапында алғаш рет 31 наурызда Ресеймен болған жолдастық кездесуде шықты.

«Эребру» – 1908 жылы құрылған Швецияның танымал клубы. Жоғарғы лигада бірнеше рет жеңімпаз атанған.

 

24.kz  сайтынан