Екінші Лиганың қос конференциясының жеңімпаздары анықталды. Олар 23 қазанда өзара лиганың алтын жүлдегерін анықтайды.

Солтүстік-Шығыс конференциясында бірінші орынды «Хан-Тәңірі» (Алматы) командасы иеленді, Оңтүстік-Батыс конференциясында «Оңтүстік академиясының» (Шымкент) жастары топ жарды.

Аталмыш ойын Шымкент қаласындағы БИІК СК (Тассай шағын ауданы) алаңында өтеді.